Венесуэлада оппозициялық телеарнаның басшысы тұтқындалды

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Венесуэлада полиция халықаралық медиа-форумда ел президенті Уго Чавестің режимін сынап сөз сөйлеген оппозициялық Globovision телеарнасының басшысы Гильермо Сулоаганы қамауға алып, кейіннен оны ешжаққа кетпеу туралы қолхатпен босатты.

Венесуэлада  оппозициялық телеарнаның басшысы тұтқындалды

Венесуэланың бас прокурорының айтуынша, Сулоаганы тұтқындауға телемагнаттың қызметін тексеру туралы Ұлттық ассамблея депутаттарының үндеуі себеп болған. Ал телемагнат өзінің тұтқындалуын «болмай қоймайтын агрессиялық акті» деп атады. Бұл туралы «Азаттық» телеарнасы хабарлады.

Ағымдағы аптада Венесуэлада оппозицияның тағы бір өкілі - Христиан-демократиялық партиясының мүшесі Освальдо Альварес Пас тұтқындалды. Ол Globovision телеарнасына берген сұхбатында, Чавестің үкіметін есірткі картельдерімен байланысы бар деп айыптаған болатын.