Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Венесуэладағы әуежайға найзағай түсіп, 9 адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Венесуэланың солтүстігіндегі Валенсия қаласының әуежайына найзағай түсіп, 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды El Universal.

Найзағай
Фото: Pixabay

Валенсия қаласында болған оқиға кезінде тропикалық нөсер жауған. Жауын-шашын кезінде найзағай ұшу-қону жолағына жақын орналасқан жасыл аймаққа түскен. Зардап шеккендердің арасында Ұлттық гвардияның 4 әскери қызметкері және сервистік компаниялардың 5 қызметкері бар.

Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда бір тәулікте найзағай салдарынан 55 орман өрті шықты.