Венесуэладағы жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 1943 адамға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Венесуэлада болған екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 943 адамға жетті. Тағы 10 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған. Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа.

Венесуэладағы жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 1943 адамға жетті
Фото: Михаил Макеев/ТАСС

Хорхе Родригес бұл зілзаланы «Венесуэла соңғы 123 жылда бастан өткерген ең алапат апат» деп атады.

Еске сала кетейік, Венесуэлада 24 маусым кешке және 25 маусым таңертең екі қуатты жер сілкінісі болып, көптеген тұрғын үй қирады.

Елде төтенше жағдай режимі енгізілді. Ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штаты әскери күштердің бақылауына берілді.

Қазіргі уақытта Венесуэлаға халықаралық ұйымдар мен бірқатар мемлекет гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, кеше Венесуэла жағалауында тағы да жер сілкінгенін жаздық.