16:26, 03 Маусым 2017 | GMT +5
Венесуэладағы наразылық акцияларынан 63 адам көз жұмған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэлада сәуір айының басында басталған түрлі наразылық акцияларынан көз жұмғандар саны 63 адамға жетті. Бұл туралы Боливариан Республикасының бас прокуроры Луиса Ортега Диас Union Radio радиосында берген сұхбатында айтты, деп жазады ТАСС.

Бақылау ведомствосының жүргізген зерттеулеріне қарағанда, сәуір айынан бері 1,2 мың адам жарақат алған.
«Қаза тапқан 63 адамның 19-ы қауіпсіздік күшінің әрекеттері салдарынан көз жұмды», - деді Ортега Диас.
Прокуратура ел аумағында наразылық кезінде жасалған түрлі заң бұзушылықтар бойынша 3,4 мың қылмыстық іс қозғалғандығын, қазіргі таңда билік 420 адамды қамауда ұстап отырғандығын атап айтты. Билікке қарсы акциялар кезінде жалпы 40 адам із-түзсіз жоғалса, оның 19-ы құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған.