Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруі туралы келісімді ратификациялады

АСТАНА. KAZINFORM – Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруі туралы келісімді ратификациялады. Оны 188 депутат қолдап, алтауы «қарсы» дауыс берді, деп хабарлайды Euronews.

Парламент Венгрии
Фото: Еuronews

Бұл Скандинавия елінің әскери одаққа кіру бағытындағы соңғы кедергі болған еді.

«Мен Венгрия парламентінің Швецияның НАТО-ға мүшелігін ратификациялау туралы дауыс беруін құптаймын. Енді барлық одақтастар бұл шешімді мақұлдағанда, Швеция НАТО-ның 32-ші одақтасы болады. Швецияның мүшелігі бәрімізді күштірек және қауіпсіз етеді», - деді Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның «Фидес» билеуші партиясы Швецияның Одаққа қосылуына көптен бері кедергі келтірді.

Оның өтінішін өткен айда Түркия парламенті ратификациялады.

Соңғы жаңалықтар