Вьетнам инвесторлары Алматыда жаңа туристік кешен салады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 860 миллион долларға жетті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев елордада Қазақстан-Вьетнам іскерлік дөңгелек үстелінде айтты.

Алматы
Фото: Александр Павский/Kazinform

− Қазақстан үшін Вьетнам − Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші серіктестердің бірі. Бізде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге айтарлықтай әлеуетіміз бар. Өткен жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы 860 миллион АҚШ долларына жетті. Қазақстанда экономика саласының түрлі бағыттарында вьетнамдық капиталы бар 13 компания жұмыс істейді. Бұл көрсеткіштер − еліміздің бизнес-климатына деген сенімнің айқын дәлелі әрі тұрақты және нәтижелі әріптестіктің көрсеткіші, − деді Ермек Көшербаев.

Премьер-Министр орынбасары Қазақстан мен Вьетнам арасында жүзеге асып жатқан маңызды жобаларды атап өтті.

− Олардың қатарында Қонаев қаласындағы «Арна» индустриялық аймағында азық-түлік өнімдерін өндірумен айналысатын Mareven Food Holdings компаниясы бар. Сонымен бірге, көпфункционалды туристік кешен жобасын іске асырып жатқан Crystal Bay Tourism Group компаниясын да атап өтуге болады. Біз сіздермен бірлесіп, Қазақстанда жаңа өндірістер ашуға мүдделіміз. Инвесторларға қолайлы жағдай қалыптастыру — ұлттық деңгейдегі басымдық саналады.Үкімет салық, кеден жеңілдіктерінен бастап, инфрақұрылым, заттай гранттарға дейін кең ауқымды қолдау шараларын ұсынады. Біз жоғары қосылған құны бар жобаларға бағытталған вьетнамдық әріптестеріміздің талпынысын толық қолдаймыз, − деді Ермек Көшербаев.

Бұған дейін вьетнамдық инвестордың Qazaq Air әуе компаниясының атауын өзгерткені хабарланған еді. Енді Qazaq Air VietJet Kazakhstan атуымен жұмыс істемек. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламды қарсы алды.

Соңғы жаңалықтар