Вьетнамда нөсер жаңбыр мен су тасқынынан 40-тан астам адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Вьетнамның орталық провинцияларында нөсер жаңбырлар мен су тасқыны салдарынан осы аптада 41 адам қаза тауып, тағы 9 адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Анадолы.

Вьетнамда нөсер жаңбырлар мен су тасқынынан 40-тан астам адам қаза тапты
Фото: Анадолы

Жергілікті VnExpress газетінің хабарлауынша, апта басынан бері елдің орталық аймақтарында жауған нөсер жаңбырдың салдарынан адамдарға материалдық шығын келген.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және онымен күрес басқармасының мәліметінше, 9 адам әлі де жоғалғандар тізімінде тұр.

Зардап шеккен аймақтарда 52 мыңнан астам үй су астында қалды, мыңдаған гектар ауыл шаруашылық жерлері зақымданды, көп мөлшерде мал қырылды.

Билік аймаққа мыңдаған құтқарушы мен полиция қызметкерлерін жіберіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялауды қамтамасыз етуде.

Айта кетелік Орталық Вьетнамда көшкін жүріп, үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен еді

Соңғы жаңалықтар