Вьетнамда топан су салдарынан қаза тапқандар саны 100-ге жуықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Вьетнамның орталық аймағындағы су тасқыны мен топан су салдарынан опат болғандар саны 90-ға жетті, деп хабарлайды Синьхуа.

Вьетнамдағы су тасқыны
Фото: Синьхуа

Жексенбі күнгі мәлімет бойынша Вьетнамның орталық өңірінде су тасқыны мен топан су салдарынан қаза тапқандар саны 90 адамға жеткен.

Бұл туралы Дамбаларды бақылау және төтенше жағдайлармен күрес басқармасына сілтеме жасап «Thanh Nien» газеті хабарлады.

Есепке сәйкес, 12 адам хабар-ошарсыз жоғалған болып саналады.

Жауын-шашын мен су тасқыны өңірде 1154 үйге зиян келтіріп, 80 800 гектардан астам күріш пен басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын жарамсыз қылған.

Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чинь орталық провинцияларда су тасқыны мен төтенше жағдайларға қарсы шараларды күшейтуге шақырды.

Еске салсақ, сенбі күніндегі жағдай бойынша Вьетнамның орталық бөлігіндегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 72 адамға жеткені хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар