Вьетнамда жоғалған қазақстандық қыз аман-есен табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Кеше 26 жастағы Әсем Әубәкірдің Вьетнамда жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Бүгін әпкесі әлеуметтік желідегі парақшасында оның табылғанын хабарлады. 

Вьетнамда жоғалған қазақстандық қыз аман-есен табылды
Фото: видеодан алынған скрин

Бойжеткеннің туысы іздеу жұмыстарына атсалысқан мемлекеттік органдар мен барша жандарға алғыс білдірді. Бірақ Әсемнің денсаулығы мен жағдайы туралы толық мәліметті әзірге жарияламады.

– Ең басты мақсат – оның қасына тезірек жету. Бағасына қарамай, ең қысқа жолмен ұшып баратын билет іздеп жатырмын. Қазір Әсемнің қасында консул бар, - дейді әпкесі Рузана.

Еске сала кетейік, Әсем Әубәкір бұған дейін 6 наурыз күні Хошимин қаласында байланысқа шыққан. Содан бері туыстары оны таба алмай, дабыл қаққан еді.