Вице-министр: Қазынашылықтың қазақстандық үлгісі қалыптасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қаржы министрлігінде Қазақстан қазынашылығының құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«1994 жылдың 27 қаңтарында халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған мемлекеттік қызметтерді сапалы атқаруды қамтамасыз ететін, тұрақты бюджетке қол жеткізуде мемлекеттік қаржыны тиімді басқару құралы ретінде Қазақстан Президентінің Жарлығымен еліміздің Қазынашылық бас басқармасы құрылды. 25 жыл ішінде қазынашылық органдары бюджеттік саясатты іске асырып, мемлекет қаражатын тиімді әрі мақсатты басқаруға зор үлес қосып келеді», - деді салтанатты шараға жиналушыларды құттықтаған ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

Оның атап өтуінше, бүгінде қазынашылықтың қазақстандық өзіндік үлгісі қалыптасты. Қазынашылықтың ақпаратықжүйесі халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда ТМД бойынша үздік заманауи интеграцияланған ақпараттық жүйе қалыптасқан. Қазынашылықтың ақпараттық жүйелері 13 мың мемлекеттік мекемеге, 5 мыңнан астам шотқа, 3,5 мыңдай пайдаланушыға онлайн режимде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қазынашылық органдарының жедел қызмет көрсетуіне, мемлекеттік бағдарламаларды орындауына сол аймақтың бүкіл тыныс-тіршілігі байланысты. Қазынашылық органдары 205 бөлімшеден тұрады, 3080 мемлекеттік қызметші еңбек етеді.

2018 жылдан бастап қазынашылық жүйесі бюджеттің төртінші деңгейіне қызмет көрсете бастады. Бұл тұста да қазынашылар Қаржы министрлігінің стратегиялық жоспарын толықтай орындап, 1062 жергілікті бюджетті енгізді.

null

Соңғы жаңалықтар