Вице-премьер - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Алматы облысының Алтынкөл стансасының нысандарымен танысты

ҚОРҒАС. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін ҚР вице-премьері - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Алматы облысының Панфилов ауданындағы «Жетіген-Қорғас» теміржол желісінде орналасқан Алтынкөл шекаралық стансасына келді.
None
None

Жұмыс сапарының барысында Ә.Исекешев бірінші іске қосылатын кешенде тапсырылуға дайын тұрған нысандармен танысты. Бұл - вокзал ғимараты, техникалық қызмет көрсету пункттері бар теміржолдың шекарадан өтетін жеріндегі мемлекеттік қызметтегі жұмыскерлерге арналған әкімшілік ғимарат және стансалар.

Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді. Бас мердігерлер - «АБК Құрылыс» ЖШС, «СК Базис» ЖШС. Жобалық құны - 154 млрд. теңге.

Соңғы жаңалықтар