Вице-премьер McDonald’s жабылуы туралы: Мұның Боранбаевтың ұсталуына қатысы жоқ деп ойлаймын
«Бүкіл ақпаратты сіздерге айта алмаймын. Өйткені мен алған ақпаратты компанияның бас кеңесі әлі мақұлдамаған. Бірақ біршама көлемдегі тауар, 1000-ға жуық аталым импортталып келген. Кейбірі өзімізде шығарылатын. Мысалы, тоқаштарды «Байсерке-Агро» шығарып келді. Сондықтан қазір қайта құрылымдау жүріп жатыр. Біз компания басшылығынан Сауда министрлігі тарапынан қандай көмек керек екенін сұрадық. Техникалық реттеу комитетіне жұмыс жылдамдауы үшін сертификация бойынша қандай көмек бере алатынымызды қарауды тапсырдым. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр», - деді Серік Жұманғарин.
«Бұл оқиға Қайрат Боранбаевтың ұсталуына байланысты емес пе?», - деп сұрады журналист.
«Жоқ, ондай әсері бар деп ойламаймын. Ол бар болғаны акционер ғана ғой», - деді вице-премьер.