12:13, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
                                        Вице-премьер жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстанға барады
                                            ӨСКЕМЕН. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Үкімет басшысының орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарын жасайды деп күтілуде. 
                                        
                                        
                                     
                                              
                                                    ҚазАқпарат тілшісі бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Сапар бағдарламасына сәйкес, вице-премьер «АзияАвто» және «СемАЗ» машина жасау саласының кәсіпорындарын, «Қазмырыштың» Шығыс Қазақстан жылыжай шаруашылығын аралайды, Өскемен-Зырянов күре жолына ат басын тірейді. Семейде вице-премьер «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұжымына жаңа басшы Ермек Көшербаевты таныстырады. Ө.Шөкеевтің аймаққа сапары Өскеменде «Алтай» технопаркінде өтетін дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі кеңеспен аяқталады.