Вице-президенттікке адмиралды таңдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон президент болып сайланған жағдайда, вице-президенттік лауазымға ұсынатын тұлғаның аты-жөнін атады.
None
None

«Рейтер» агенттігі таратқан ақпарат бо¬йынша, Х.Клинтон бұл орынға отставкадағы адмирал, Еуропадағы НАТО күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Джеймс Ставридисті лайық көріп отыр. Демократиялық партиядан вице-президенттікке үміткердің кандидатурасы 25-28 шілдеде Филадельфияда өтетін партияның съезінде жария етілуі мүмкін. Ал Джеймс Ставридис 2009-2013 жылдар аралығында Еуропадағы Солтүстікатлантикалық альянстың біріккен күштеріне басшылық еткен. Сол жылдары Хиллари Клинтон АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған еді.

Соңғы жаңалықтар