Википедияның қазақ тіліндегі рейтингі 127-ші орыннан 35-ші орынға көтерілді

  АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Википедияның қазақ тіліндегі нұсқасының рейтингі 127-ші орыннан 35-ші орынға көтерілді.
None
None

Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік тілді дамытудағы проблемалар туралы» мәселені талқылау барысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мәлім етті.

«Халықаралық Википедия порталын қазақ тіліндегі материалдармен толықтыру бойынша жұмыстар іске асырылуда. Осы жылдың өзінде бұл порталға 100 мыңнан астам материалдар орналастырылды. Соған орай, Википедияның қазақ тіліндегі нұсқасының рейтингі 127-ші орыннан 35-ші орынға көтерілді», - дейді Арман Қырықбаев.

Сонымен қатар, вице-министр жаңа фильмдік туындыларға тоқтала келе, «Қазақфильмнің» соңғы өнімдерінің барлығы мемлекеттік тілде немесе міндетті түрде қазақ тіліндегі дубляжымен шығарылып жатқанын айтты. Ал қазақ тіліндегі әдебиеттерге келетін болсақ, 25 томдық «Әлемдік классика», 15 томдық  балалар әдебиеті, бүлдіршіндерге арналған 60 томдық ертегілер мен өзге де әдебитеттер жарыққа шыққан.

Соңғы жаңалықтар