20:54, 07 Мамыр 2017 | GMT +5
Виктор Демьяненко: Головкин-Альварес айқасында екі жақты соққы алмасу болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Sports.kz-ке Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің алдағы айқасы туралы пікір білдірді.
«Жақсы жекпе-жек болады деп есептеймін. Себебі олардың екеуі де - шабуылдаушы боксшылар. Біз екі жақты соққы алмасатын айқасты көруіміз мүмкін және ол өте қызықты болады. Екі боксшы да техникалық жағынан жақсы дайындалған - ұзақ қашықтықта, алма-кезек, қарсы шабуылда жұмыс жасайды, сондықтан айқас қызықты өтеді. Біз бүгін жекпе-жекті қызықты ету үшін «Канелоның» Чавеске жұмыс жасауына мүмкіндік бергенін тамашаладық. Головкинмен бәрі басқаша болады. Геннадий - жинақы әрі жылдам қимылдайтын боксшы», - деді ол.