Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Виктор Друзин көркем жүзуден Азия чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Су спорты түрлерінен Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзу бәсекесі басталды, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істер комитетінің Спортты дамыту дирекциясы.

Виктор Друзин
Фото: ҚР ҰОК

Жарыстың алғашқы күнінде техникалық соло сайысынан жүлде сарапқа салынып, нәтижесінде Виктор Друзин топ жарды.

Виктор Друзин - 231.8550 ұпай
Алдияр Рамазанов - 229.0583
Пантуракса Васин - 175.3992

Айта кетейік, Виктор Друзин өткен жылы да сары құрлық додасында топ жарған болатын.

Көркем жүзу жарыстары 25 шілдеге дейін жалғасады.

Осыған дейін қазақстандық жүзгіштердің Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алғаны туралы жаздық.