Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Виктор Друзин жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында әртістік жүзуден қола алды

АСТАНА. KAZINFORM - Әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Виктор Друзин Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Виктор Друзин Әлем кубогының суперфиналында қола медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада үшінші орын алды. Виктор Друзин сайыс нәтижесі бойынша 238,5317 ұпай жинады.

Ресей өкілі Захар Трофимов (241,2409 ұпай) жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Испания спортшысы Энеко Санчес Агилар (240,5016 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты бүгін, 12 тамызда басталды. Бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы топтық бәсекеде де техникалық бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.

Осыған дейін Виктор Друзиннің әртістік жүзуден Азия чемпионы атанғаны туралы жаздық.