Виктор Янукович Нобельдік сыйлыққа ұсынылды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Аймақтар партиясының мүшесі Валерий Бандюк Украина Президенті Виктор Януковичті Нобельдік әлем сыйлығына ұсыну туралы ұсыныс жасады.

Виктор  Янукович  Нобельдік сыйлыққа  ұсынылды

Оның пікірінше, Қырымда Қара теңіз флотының қалу мерзімін ұзарту туралы келісімшартқа қол қойып, Ресей тарапынан біраз жеңілдіктерге қол жеткізген президент «тамаша дипломатиялық жеңісі үшін» осындай жоғарғы наградаға лайық.

«Онсыз да автоматты түрде күші жалғаса беретін келісімшартты ұзартқаны үшін Ресей тарапынан мұншалықты қаржылай жеңілдіктер алу, үлкен мақтауға тұрарлық әрекет. Аймақтар партиясының депутаттар тобы Украинаның қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп, Украина Президентін Нобельдік лауреат атағына ұсынатын құжаттарды әзірлеуде», - деп хабарлады Бандюк өз мәлімдемесінде. Аймақтар партиясы бұл бастаманы Украинаның барлық халқы қолдайтынына сенімді, деп хабарлайды РСН агенттігі.