Винокуров - Олимпиада чемпионы!

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Лондонда күні кеше жалауын көтерген ХХХ жазғы Лондон Олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына бірінші алтын түсті.
None
None

Велоспорттан тас жолдағы ерлер арасындағы жарыста Александр Винокуров алдына жан салмады. Айта кетерлігі, мәреге сегіз шақырымнан аз қашықтық қалғанда көшбасшы топта екінші келе жатқан А.Винокуровтың алдындағы шабандоз шұғыл бұрылыста рөлге ие бола алмай құлады. Біздің спортшы да оған соғылып, амалсыздан көш бастап келе жатқан  топтан көп кейін қалуға мәжбүр болды. Дегенмен, бар күшін жұмсаған А.Винокуров мәреге бес шақырым қалғанда топты қуып жетіп қана қоймай, суырылып алға шығып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Осылайша 248 шақырымдық жарыс жолының соңғы сәттерінде алдына жан салмаған ол Лондон олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына алғашқы алтынды салды.
Екінші орынды колумбиялық Ригоберто Уран, ал үшінші орын норвегиялық велошабандоз Александр Кристов иеленді.

Соңғы жаңалықтар