Виталий Демьяненко Мәскеуде чемпиондық атақтарын қорғайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның бұл жолғы қарсыласы Хорхе Даниэль Миранда болмақ. 1983 жылы тамыздың 28-і күні Кордовада дүниеге келген аргентиналық спортшы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2003 жылы тамыздың 15-інде өткізген болатын. Қытайлық деген лақап аты бар ол осы уақытқа дейін 33 жекпе-жек өткізіп, оның 25-інде қарсыластарынан басым түсті.
Соңғы жекпе-жегін мамырдың 16-сы күні АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Рейли қаласында американдық Пол Дельгадомен өткізген Виталий Демьяненконың бұл 18-ші сайысы болмақ. Спорттағы алғашқы қадамын дзюдодан бастаған Виталий бокс қолғабын 13 жасында киген болатын. Александр Аникиннен тәлім алған ол 16 жасында жастар арасында ел чемпионы атанып, спорт шебері дәрежесін иеленді. Кейін өз бағын Ерік Жайлауовтың промоутерлігімен кәсіпқой бокс рингінде сынап, аз уақыттың ішінде толағай табыстарға қол жеткізді. Осы уақытқа дейін ол 17 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін өз пайдасына шешті. Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненконың айтуынша, 27 жастағы Виталий енді Болат Манкеновтің промоутерлігімен шаршы алаңға шықпақ. Өз атағын сәтті қорғап шықса қазақстандық былғары қолғап шебері алдағы жекпе-жектердің бірінде Әлем чемпионы атағына таласуға толық мүмкіндігі бар.