Виталий Демьяненко Мәскеуде РАВА чемпионы атағын қорғайды

АЛМАТЫ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мамырдың 23-і күні қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Виталий Демьяненко Мәскеуде РАВА чемпионы атағын қорғау үшін австралиялық Сэмюэл Коломбанмен жекпе-жек өткізеді,

Виталий Демьяненко Мәскеуде РАВА чемпионы атағын қорғайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маусымның 27-сі күні 27-ге толатын Виталий Демьяненко кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2005 жылы ақпанның 26-сында өткізген болатын. Бұған дейін 8 кездесу өткізіп (алтауы нокаутпен) оның бәрін өз пайдасына шешті. Қазақстандық боксшы сәуір айында WBO рейтингінде - 7, WBC рейтингінде - 9, ал наурыз айында WBA - 10, EBU рейтингінде - 11 сатыда болды. Виталий соңғы кездесуін ақпанның 6-сы күні Мәскеуде аргентиналық Хорхе Даниэль Мирандамен өткізді. Қазақстандық былғары қолғап шебері онда Бүкіләлемдік бокс кеңесінің Азия бокс кеңесі (WBC Asian Boxing Council), Бүкіләлемдік бокс ұйымының Тынық-мұхит аймағы (WBO Asia Pacific) және Паназиялық бокс қауымдастығы (РАВА) нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарын сәтті қорғап шықты. Ал оның алдында бұл атақтатрын 2009 жыл мамырдың 16-сында Рейлиде (АҚШ) американдық Пол Дельгадодан да (20-9-1, 4 КО) қорғап қалған еді. Оның бұл жолғы қарсыласы ксіпқой бокс рингінде 4 жылдың ішінде 19 жекпе-жек өткізіп, оның 16-сында жеңіп, үшеуінде жеңіліс тапқан Сэмюэл Коломбан. Австриялық спортшы WBO-ның рейтингінде сәуір айындағы рейтингінде жартылай орта салмақта (66,678 киләға дейін) 15-ші орын алды.