Владимир Газзаев «Ақтөбе» ФК бас бапкері қызметінен кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен ресейлік маман Владимир Газзаев кездесті, деп жазды Sports.kz.
None
None

Кездесу нәтижесі бойынша Владимир Газзаевтың бас бапкер қызметінен кету туралы өтініші қанағаттандырылды.

Еске салсақ, 37 жастағы ресейлік маман бір жыл бұрын «Ақтөбеге» бас бапкер болып тағайындалған. Осы кезеңде команда чемпионатта күміс жүлдеге қол жеткізіп, Қазақстан Кубогының финалына шыққан.

Биылғы чемпионатта осы маманның басшылығымен «Ақтөбе» қатарынан 19 турда бірде-бір рет ұтылған жоқ. Турнирлік кестеде ақтөбеліктер топ бастап тұр. Алайда Еуропа лигасында әлі аты шыға қоймаған ортаңқол ұжым саналатын эстондық «Нымме Калью» клубынан асып өте алмады.

Қазір бас бапкердің міндетін атқарушы - Алексей Косолапов.

Соңғы жаңалықтар