Владимир Путин - 60 жаста

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Владимир Путин 60 жасқа  толады. Ол жоғары мемлекеттік лауазымдарда 13 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді.
None
None

ал  бұл оның Ресей президенті лауазымындағы үшінші мерейтойы. Премьер лауазымында ол тек қана қатардағы туған күндерін атап өткен болатын, деп хабарлайды, ИТАР-ТАСС.

Бұған дейін Путин-премьер және Путин-президент барлық туған күндерін қызмет бабында жүріп қарсы алды, тек 55 жасында ғана басшы әріптестерінің басын қосып, Кремльде кешкі ас берген болатын. Ол салтанатты шараны жаны қаламайды және де әр уақытта да 7 қазан күні туған қаласы солтүстік астанаға баруға тырысады. Бұл жолы да солай істемек. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың ИТАР-ТАСС тілшісіне мәлім етуінше, Путин осы жолғы мерейтойын Санкт-Петерборда туған-туыстарының және достарының ортасында өткізбек. 

Соңғы жаңалықтар