Владимир Путин Иран мен Израиль арасындағы жанжалды шешудің жолы туралы пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей Президенті Владимир Путин дүниежүзінің жетекші ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесу барысында Иран мен Израиль арасындағы жанжалды барлық тараптың мүддесін ескере отырып келіссөз арқылы шешкен жөн болар еді деген пікірін білдірді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Путин
Фото: Видеодан алынған кадр

Оның айтуынша, келісім Иранның бейбіт атомға – тек энергетикада ғана емес, толық құқылы болуын және Израильдің сөзсіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығын қамтуы керек.

— Жалпы алғанда, мұндай шешім табуға болады. Біз ешкімге ештеңе тықпаламаймыз, тек жағдайдан шығуға қатысты өз көзқарасымызды ұсынамыз. Бірақ түпкілікті шешімді Иран мен Израильдің саяси басшылығы қабылдайды, — деді Владимир Путин.

Бұған дейін Ресей Израиль мен Иранға арағайындық жасауға дайын екенін мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар