Владимир Путин Қазақстандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Президенті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы маңында болған әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РФ Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Владимир Путин Қазақстандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

«Ресей халқы ұшақ апатынан қаза болғандардың туған-туыстарының қайғыларына ортақтасады. Қайғылы апаттан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді», – делінген Ресей мемлекеті басшысының жеделхатында.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.