Владислав Косарев ҚКХП Орталық аппараты хатшысы қызметінен кетті

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының VIII кезектен тыс съезі өтіп, оның барысында партия басшылығында өзгерістер орын алды.
None
None

Бұл туралы аталған партияның ресми сайтында хабарланған.

Орталық аппарат хатшылығынан Владислав Косарев пен Тулеш Кенжин кетсе, сонымен қатар аталған партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы қызметінен Александр Холодков босатылды. Владислав Косарев бірауыздан ҚКХП ОК құрметті хатшысы болып бірауыздан сайланды.

Сондай-ақ күн тәртібінде ҚКХП Жарғысының жаңа редакциясы мен ОК туралы ереже, депутаттық фракция және партия ардагерлері кеңесі туралы бағдарламалар қаралды.

Соңғы жаңалықтар