15:15, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Волейбол: Екінші турда Оралдың «Конденсаты» табысты өнер көрсетуде
ОРАЛ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында өтіп жатқан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР чемпионатының екінші турында Оралдың «Конденсаты» табысты өнер көрсетуде.

Батысқазақстандықтар бастапқыда Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысын» 3:0 есебімен ұтты. Бірінші турда да «Конденсат» өскемендіктерді дәл осындай есеппен тізе бүктірген болатын. Бұдан оралдықтар аса тартысты матчта көш бастаушылардың бірі «Атырауға» 2:3 есебімен есе жіберді. Дегенмен келесі ойында Петропавлдың «Есілін» 3:0 есебімен бет қаратпай жеңді. Сөйтіп бірінші турда кеткен есені қайтарды (онда «Есіл» 3:2 есебімен ұтып кеткен болатын).
Сөйтіп Игорь Никольченко жаттықтыратын «Конденсат» алғашқы төрттіктің қатарында келеді. Команда құрамында үш қана легионер бар, қалғандары - негізінен жергілікті жігіттер.