17:38, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
Волейбол: "жетісу" командасы қайтадан қаһарына мінді
>
Алғашқы үш күннің қорытындысы бойынша әзірге Павлодардың «Ертіс-Қазхром" командасы ғана жеңіліссіз келе жатыр. Ал алғашқы 2 турда қарсылас шақ келтірмеген Алматы облысының «Жетісу» командасы алдыңғы күні жеңілістің кездейсоқтық екенін дәлелдеуге тырысуда. Олар кеше 2-турдың қорытындысы бойынша үздік үштікті түйіндеген Қарағанды облысының «Қарағанды» командасын 0:3 есебімен (14-25, 18-25, 20-25) ойсырата жеңді. Ал «Астана» мен «Алматы», «Ертіс-Қазхром» мен «Металлург АМТ» (Теміртау) клубтары арасындағы ойын 3:1 есебімен аяқталды.
«Жетісулықтар» бұған дейін 8 ақпандағы бірінші кездесуде теміртаулықтарды 3:0 (25-14, 25-13, 25-15) есебімен тізе бүктірген болатын. Бүгін барлық командалар бір күндік үзіліс алды.