Волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лига командаларының 3-ші тур ойындарында 8 кездесудің жетеуі 0:3 есебімен аяқталды

АЛМАТЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Теміртау қаласында волейболдан әйелдер арасында Ұлттық лига командаларының XVII Қазақстан чемпионатындағы 3-ші тур ойындары өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ақпанның 3-інде басталған бұл жарысқа 8 команда қатысуда. Бір қызығы, алғашқы 8 ойынның жетеуі 0:3 есебімен аяқталды. Мәселен, «Жетісу-2», «Астана қанаты-2» мен «Қазығұрт» командалары өздерінің алғашқы екі кездесулерінде «Шығыс КАСУ», Алматиничка-ЦСКА», «Металлург-1, «Грация» командаларынан үш партияда да жеңіліс тапты. Онда тек «Алматиничка-ЦСКА» мен «Металлург-2» командаларының арасындағы кездесуде ойын 2:3 есебімен аяқталды. Командалардың алда әлі 16 кездесуі бар. Ақтық сайыстар ақпанның 8-інде болады.
Соңғы жаңалықтар