Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстандық қыздар Қытайға есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында волейболдан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Қытайдан ұтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстандық қыздар Қытайға есе жіберді

Іріктеу айналымында екінші орын алған қазақстандықтар Жапония, Қытай және Индонезия командаларымен бірге F тобына түскен болатын. Өкінішке қарай, Қытай командасынан біздің құрама 3:0 есебімен жеңіліп қалды. Қытайлықтар үш партияда 25:23, 25:12, 25:15 есебімен басым түскен.

Қазақстандықтар 23 тамыз күні Индонезияға қарсы ойнайды.