Волейболдан Азия кубогында Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Филиппиннің Кандон қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында Азия кубогының ойындары жалғасын тапты.
B тобында Қазақстан құрамасы Индонезиямен екінші кездесуін өткізді.
Кешегі құрамда ойнаған қыздарға қоса бүгін Жанна Сыроежкина, Айгүл Мүлкібаевалар алаңға шықты.
Асқар Шалқыбековтің шәкірттері индонезиялық волейболшыларды 3:0 (25:19, 25:19, 25:19) есебімен тізе бүктірді.
В тобында Вьетнам мен Қазақстан құрамалары 6 ұпаймен көш бастап келеді. 8 маусым күні қазақстандықтар Иранмен бәсекеге түседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Азия кубогында Қазақстан құрамасының Гонконгтан басым түскенін жазған едік.