Волейболдан Балалар лигасының күзгі ел чемпионаты өтті

Алматыдағы сайыста 2000-2001 жылғылар арасында 14 команданың арасынан 1-3-орынды Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды қаласы мен Павлодар облысы өзара бөлісті. 1998-1999 жылғылар арасында да 14 команданың арасынан Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары үздік шықты. Ал Астанадағы 1996-1997 жылғы жасөспірім қыздар арасындағы бәсекеге 7 команда қатысқан болатын. Онда бірінші және соңғы орынды жарыс қожайындарының «Оқушылар сарайы» және «Астана» волейболшылары иеленді. Қостанай қаласы мен Алматы облысының «Жетісу» командасы жүлделі 2-3-орынды бөлісті.
ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, солтүстікқазақстандықтар осымен екінші рет 2 топта бірдей Қазақстан чемпионы атанып отыр. Мәселен биыл олар 12-13 және 14-15 жастағы кіші және орта топта үздік шықса, былтыр кіші (12-13 жастағы) және жоғары жастағы (16-17 жастағы) топтар арасында жеңімпаз атанған көрінеді. Енді қысқы ел біріншілгі 4-11 қаңтарда Павлодар мен Қостанай қалаларының бірінде және Өскеменде өтпек. Ал көктемді чемпионат 22-29 наурызда Тараз бен Теміртауда өз жалауын көтереді деп жоспарлануда.