Волейболдан ерлер арасында Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алған командалар белгілі болды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Өскеменде ерлер командалары арасындағы Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі аяқталды,

Волейболдан ерлер арасында Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алған командалар белгілі болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Қыркүйектің 12-сі күні жалауын көтерген бұл жарыстың қорытындысында барлық ойында қарсыластарынан басым түскен Астана қаласының "Ұшқын" командасы 10 ұпаймен бірінші орны алды. Екінші орынды 8 ұпаймен "Семей" (Семей), ал 3-4 орынды одан 1 ұпайы кем Петропавлдің "Есіл" мен Павлодардың "Ертіс" командалары бөлісті. Олар енді қазанның 13-20-сы күндері Хромтау қаласында өтетін Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарына қатысады. Онда олардың қатарына Ұлттық лигада топ жарған 4 команда қосылады. Бұл сында 1-4 орынға ие болғандар қазанның 29-ы мен қарашаның 1-і аралығында Алматыда өтетін ақтық сынға жолдама алады. Жалпы Қазақстан кубогының алғашқы кезеңінде Ұшқын", "Семей", "Есіл" мен Ертістен" бөлек "ЦСКА", "ҚазҰАУ" (Алматы), "Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс 2" (Өскемен), «Есіл-Виктория» (Петропавл), ЮКО (Шымкент), «ВСМК Арселормиттал» (Теміртау), «Тараз-ТарГУ»(Тараз) командалары қатысқан болатын.