Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Павлодар» мен «Тараз» жартылай финалда жеңіске жетті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар қаласында волейболдан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатында жүлделі орындар үшін бәсеке басталды.

Волейболдан Қазақстан чемпионатында «Жайық» екінші орынға көтерілді
Фото: olympic.kz

Бірінші жартылай финалда «Тараз» бен «Атырау» командалары сынға түсті.

Алғашқы екі партияда атыраулықтар басымдылық танытты — 25:20, 28:26.

Бұдан кейін тараздықтар камбэк жасай білді — 26:24, 25:19, 15:9. Жалпы есеп — 3:2, «Тараздың» пайдасында.

Өткен жылғы ел чемпионы «Павлодар» өз алаңында «Есілдің» (СҚО) меселін қайырды — 3:1 (28:30, 25:19, 25:18, 25:20).

Жартылай финалда екі жеңіске жеткен команда соңғы бәсекеге жолдама алып, чемпиондық атақ үшін таласады.

Қалған командалар 5-8 орындар үшін сынға түсуде. Мұнда «Жайық» «Ақтөбені» тізе бүктірді — 3:1 (25:27, 25:22, 25:22, 25:14).

«Буревестник» тартысты матчта «Жетісу жастарын» ұтты — 3:2 (25:17, 19:25, 18:25, 25:22, 15:13).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Павлодар» мен «Тараздың» жүлделі орындар үшін таласатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар