14:06, 26 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Волейболдан көш соңындағы команда ел чемпионын ұтты
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші турында күтпеген нәтиже тіркелді.

Биылғы ел чемпионы «Тараз» осыған дейін 1 ғана ұпаймен көш соңында келе жатқан «Ұшқын-Көкшетау» командасымен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда тараздықтар 25:19 есебімен басым түскенімен, содан кейін көкшетаулықтар камбэк жасай білді - 25:20, 25:22, 14:25, 22:20. Әсіресе, бесінші, шешуші партия аса тартысты өтті.
Қазіргі кезде «Тараз» 16 ұпаймен 5-орында тұрса, «Ұшқын-Көкшетау» (3 ұпай) әлі де 9-сатыдан жылжыған жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Атырау» волейбол клубының қатарынан екінші рет жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.