Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Волейболдан Орталық Азия чемпионаты: Қазақстан тартысты ойында Бангладешке есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — Пәкістанның Исламабад қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Орталық Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші ойынын өткізді.

Волейболдан Орталық Азия чемпионаты: Қазақстан тартысты ойында Бангладешке есе жіберді
Фото: Қазақстан волейбол федерациясы

Сергей Трикоздың шәкірттері бұл жолы Бангладешке қарсы келді. 

Бес сетке созылған тартысты ойында Бангладеш құрамасы 3:2 (20:25, 25:21, 25:23, 21:25, 15:12) есебімен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының үш кездесуі де осындай есеппен аяқталды. Мұның алдында қазақстандықтар Непалды ұтса, содан кейін Өзбекстанға жол берді.

Енді Қазақстан ертең Шри-Ланка, жексенбі күні Пәкстанмен ойнайды.

Еске салайық, бұдан бұрын волейболдан Орталық Азия чемпионатында Қазақстан тартысты матчта Непалды ұтқанын жазған едік. 

Сондай-ақ Қазақстан волейбол құрамаларының Азия ойындарындағы қарсыласы анықталды.