10:55, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Волейболдан жоғары лига командалары арасында өтіп жатқан екінші турда «Жайық-Конденсат» командасы сәтті өнер көрсетуде
ОРАЛ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Волейболдан ерлердің жоғары лига командалары арасында өтіп жатқан ел чемпионатының екінші турында Оралдың «Жайық-Конденсат» командасы сәтті өнер көрсетуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батысқазақстандықтар үш кездесу өткізіп, бәрінде де жеңіске жетті. Сондай-ақ Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрты» да ширақ ойнауда. Олар Петропавлдың «Есіл-Виктория», Алматының «КазНАУ» клубтарымен қатар бірінші турдан кейін топ бастаған Астананың «Ұшқын-Искра» командасын да ұтып кетті. Бүгін оралдықтар мен астаналықтар кездеседі.
Бірінші турдан кейін Павлодардың «Ертісі» - екінші, «қазығұрттықтар» үшінші, «Жайық-Конденсат» төртінші орыннан көрінген болатын. Енді олардың турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға мүмкіндіктері бар.
Биыл жоғары лига командалары барлығы бес тур өткізеді. Үздік шыққан команда ұлттық лигаға жолдама алады.