08:13, 29 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Волгоградта блиндаждан қазақстандық 19 кеңес сарбазының сүйегін қазып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 желтоқсанда іздеушілер Волгоградтағы Кеңес ауданында блиндажды қазды. Бұл жұмысты «Красноармеец» іздестіру жасағы жүргізді.

Қазба барысында ҰОС-та қаза тапқан 19 сарбаздың сүйегі табылды, деп хабарлады «Блокнот Волжского».
«Красноармеец» жасағының іздеушілері Волгоградтың Кеңес ауданынан 19 әскердің сүйегін тапты. Жауынгерлер шамамен 1943 жылы қаңтарда қаза тапқан деген болжам бар. Алдын ала деректер бойынша олар Солтүстік Қазақстанда құрылған 29 атқыштар дивизиясының сарбаздары болуы ықтимал.
«Красноармеец» жасағының басшысы Денис Соловьевтің айтуынша, алдағы уақытта 19 сарбаз Россошкадағы мемориалдық қабірге жерленбек.