Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Восток» футбол клубына - 50 жыл - Өскемен

ӨСКЕМЕН. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Өскемендік «Восток» футбол клубына биыл 50 жыл толуда, және осы оқиғаға байланысты клуб басшылығы ғаламтор ресурсын жаңартуды ұйғарды.

«Восток» футбол клубына - 50 жыл - Өскемен

Жаңа ғаламтор ресурсын елдің футбол клубтарымен жұмыс бойынша танылып үлгерген «СИА «Sports.кz» компаниясы әзірлейді.

«Восток» командасының баспасөз қызметінің басшысы Ренат Сууровтың айтуынша, сайтта «Восток» ФК бай тарихы, футбол жаңалықтары туралы жедел ақпараттан басқа команданың барлық ойындарының тесттік және бейнекөрсетілімдері өткізіледі. Үш тілде жаңалық беретін сайттың ашылуы наурыздың басына белгіленді.