10:39, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
«ВымпелКом» компаниясының басшылығында өзгерістер болмақ
АЛМАТЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Вымпел-Коммуникация» (ВымпелКом) ААҚ-да сәуірдің 2-сінен бастап Бас директор мен Бас атқарушы директор ауыспақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «ВымпелКом»-ның қазіргі Бас директоры мен Бас атқарушы директоры өз қызметтерінде сәуірдің 1-не дейін отырады. Ал сәуірдің 2-сінен бастап олардың орнын Борис Немшиц пен Александр Торбахов баспақ. Қазіргі таңда Б. Немшиц «Телеком Австрия» тобында Бас директордың міндетін атқарады. Ал А. Торбахов «Росгосстрах-Жизнь» сақтандыру компаниясы» ААҚ-да бас директор болып жұмыс жасауда. «ВымпелКом» компаниялар тобы бүгінгі таңда Ресей, Қазақстан, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Армения және Вьетнам мен Камбоджа аумағында қызмет жасайды. Онда олар 340 миллионға жуық адамға сымсыз байланыс пен кең жолақты интернет қызметін көрсетеді.