Warner Bros. Discovery 20 наурызда Netflix-пен бірігу мәселесін дауысқа салады

АСТАНА. KAZINFORM – Warner Bros. Discovery (WBD) компаниясы Paramount Skydance-пен келіссөздерді қайта бастағанын мәлімдеді. Студияға ықтимал мәміле шарттарын жақсарту үшін бір апта уақыт берілді, деп хабарлайды Kazinform.

Netflix пересмотрел условия сделки с Warner Bros. Discovery
Фото: AP

Бұл туралы компанияның ресми мәлімдемесінде айтылған.

Бұған дейін WBD Paramount ұсынған бір акция үшін 30 АҚШ доллары көлеміндегі сатып алу ұсынысын қабылдамаған еді. Алайда енді 23 ақпанға дейін шарттарды қайта қарауға мүмкіндік берілді. Дереккөздердің мәліметінше, Paramount басшылығы бағаны 31 долларға дейін көтеруге дайын екенін жеткізген. Осылайша директорлар кеңесін мәмілені қайта талқылауға көндіру көзделіп отыр.

Соған қарамастан WBD акционерлерге желтоқсан айында келісілген Netflix компаниясымен жасалған мәмілені қолдауды ұсынуды жалғастырып отыр. Аталған келісімнің жалпы құны 82,7 млрд долларды құрайды. Ол стриминг сервисін, киностудияны және HBO кабельдік арнасын сатуды көздейді.

Мәмілені мақұлдау мәселесі 20 наурызға белгіленген акционерлердің кезектен тыс жиналысында дауысқа салынады.

Еске сала кетейік, 5 желтоқсанда Netflix Warner Bros.-ты бір акциясы үшін 27,75 доллар бағамен сатып алатынын мәлімдеген. Бұл ұсыныс шамамен 72 млрд долларды құраса, компанияның жалпы бағалануы 82,7 млрд долларға жеткен.

Қаңтар айында Netflix мәміле шарттарын қайта қарап, сатып алуды толықтай ақшалай форматта жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. Бұған дейін аралас төлем үлгісі – қолма-қол қаражат пен акциялар ұсынылған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум