WBC белдігінде Қазақстан туы бейнеленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс әлеміндегі шолушы Григорий Стангрит өзінің Твиттерінде WBC белдігінде Қазақстан туы да бейнеленетінін жазды, деп хабарлады Sports.kz.

WBC белдігінде Қазақстан туы бейнеленеді

«Оқырмандардың бастамасымен Маурисио Сулейманнан WBC белдігінде Қазақстан байрағының болатыны не болмайтыны жайлы сұрадым. Ол жаңа дизайнда болатынын айтты», - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, мексикалық Сауль Канело Альварес GGG-мен кездесуден бас тартқан соң, белдік  Геннадий Головкиннің иелігіне өтті.