11:39, 01 Маусым 2015 | GMT +5
World Boxing News нұсқасы бойынша P4P рейтингінде Головкин Пакьяоны артта қалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық WorldBoxingNews.com сайты салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшыларының (P4P) жаңартылған ТОП-50 рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин жаңартылған рейтингте бір сатыға көтеріліп, төртінші орынға жайғасты. Осылайша ол 5 орындағы Мэнни Пакьяодан озды.
Үздік үштікке Флойд Мейвезер, Владимир Кличко мен Роман Гонсалес кірді.