11:50, 09 Шілде 2009 | GMT +5
Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит 2010 жылы наурызда Вашингтонда өтеді
ВАШИНГТОН. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - АҚШ ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитті келесі жылы өзінде қабылдамақ.

Ақ үй өкілдерінің хабарлауынша, Барак Обама бұл туралы Италияның Аквил қаласында «үлкен сегіздік» басшыларының қатысуымен өткен жұмыс бабындағы кешкі аста мәлім еткен. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиті Вашингтонда 2010 жылдың наурыз айында өтеді деп жоспарлануда. ҚазАқпарат бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Америка басшысы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте ядролық технологиялардың «қара базарымен» күресу, радиоактивті материалдардың әлеуетті осал қорларының есебін және сақталуын қамтамасыз ету, ядролық лаңкестікті болдырмау сияқты мәселелерді көтермек.