Ядролық полигон - Павлодардағы көрме

ПАВЛОДАР. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақстандағы ядролық полигон туралы әңгімелейтін көрме Павлодар облыстық өлкетану мұражайында ашылды.
None
None

 Бұдан 60 жыл бұрын Семейдің іргесінде алғашқы атомдық жарылыс болған еді. Барлығы 400-ге жуық сынақ жасалды, олардың жиынтық қуаттылығы Хиросимаға тасталған бомбадан 2 500 есе артық.

Көрме бұған дейін құпия болып келген құжаттар мен фотосуреттер, уланған жүздеген шақырым аумақтар, мыңдаған қайғылы тағдарлар туралы әңгімелейді. «Біздер ядролық жарылыстан кейінгі көріністі жасадық, - дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Жұлдыз Қалиева. - Тіршілік нышаны сезілмейді, маңай өлі тыныштық».

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1991 жылы полигон жабылды. Еліміз жұртшылығы тамыздың 29-ын ядролық қарудан бас тартқан елдің үлгісі ретінде атайды және ядролық сынақ құрбандарын еске түсіреді.

Павлодарлықтар Мемлекет басшысының осы күнді Дүниежүзілік жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту күні деп жариялау туралы ұсынысын қолдайды.

Соңғы жаңалықтар