Ядролық сынақтар мен жарылыстар жасалған жерде халықтың орташа өмір сүру жасы басқа аймақтардан айтарлықтай төмен - Халық медицинасы орталығының президенті
Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде айқын аңғарылды. «Қазақстан Республикасның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық жарылысқа тыйым салуының арқасында халықтың орташа өмір сүру жасы соңғы 20 жылда айтарлықтай ұзарды. Қазір елімізде ол әйелдер арасында 70, ерлер арасында 65-67 жасты құрайды. Өкінішке орай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ядролық сынақтар мен жарылыстардың адам денсаулғына әсері туралы үгіт-насихаты әлі бәсең жүріп жатыр», дейді Денсаулық сақтау министрлігінің халық медицинасы жөніндегі бас маманы Шәкен Мұқанұлы Шынтаев.
Оның айтуынша, ядролық сынақтар мен жарылыстар адамның ағзасына ғана емес, ең алдымен оның геніне әсер етіп, ағзаның өсіп-өркендеуін төмендетеді. Өкінішке қарай, халықтың емес өндірістің өсімін алдыңғы орынға қойып отырған кейбір елдер ядролық қарудың таралмауына селқостық танытып отыр. Бұл мәселе Елбасының өткен аптада ресейлік басылымдардың бірінде жарияланған «Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік» деген мақаласында да жан-жақты сөз болды. Ол енді ЕҚЫҰ-на мүше елдердің Астанадағы саммитінде де талқыға түсетін болады.