06:18, 04 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Якутияда құлап бара жатқан астероид видеоға түсіп қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Якутиядағы Ленск қаласының тұрғындары бірнеше секундқа созылған астероид жарқылын видеоға түсіріп алған.

Видео ТАСС агенттігінің телеграм-арнасында жарияланды.
Астероид көкте кенеттен пайда болған. Оның көзден жоғалғаны көрінгеніндей жылдам болды. Астероид атмосферада жанып кеткен. Оның қалдықтарының қайда түскені белгісіз.
Астроном Владимир Сурдиннің айтуынша, метеориттің мөлшері шамамен бір метр, альбедосы (сәулені шағылдыру қабілеті) — 10%.
Астероид туралы алдын ала хабарланған. Сол кезде мамандар жерге ешқандай қауіп жоқ екенін ескерткен.
Еске салсақ, осыған дейін Қытай «Тяньвэнь-3» миссиясы аясында Марс топырағының үлгілерін алып, оларды шамамен 2031 жылы Жерге қайтаруға ниетті екендігі хабарланған.