Якутияда УАЗ көлігі көлдегі мұзға батып кетіп, 2 адам қаза тапты

ТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Якутияның Усть-Алдан ауданында УАЗ маркалы көлік көлдегі мұзға батып кетіп, екі адам қаза тапты.
None
None

Бұл туралы аймақ бойынша РФ ТЖМ бас басқармасына сілтеме жасай отырып РБК агенттігі жазады.

Аталып өтілгендей, оқиға кеше кешке болған. Автокөлік Усть-Алдан ауданы Бетте ауылындағы Илин Хабыя көлінің шетімен келе жатқан. Жолды қысқартпақ болған жүргізуші көлмен жүріп кеткен, жағадан 500 метр алыстаған кезде көлік мұзға батып кетеді. Автокөлікте барлығы 7 адам болған, оның бесеуі өз күштерімен жағаға шыққан.

Соңғы жаңалықтар