12:21, 26 Мамыр 2010 | GMT +5
Ямайкада полиция мен кринималдық топтың арасындағы қақтығыстан 60-тан астам адам қаза тапты
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Ямайканың елордасында полиция мен қылмыстық топ өкілдерінің арасында болған қақтығыстың салдарынан 60-тан астам адам қаза тапты.
Құрбан болғандардың көпшілігі - бейбіт тұрғындар, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Қала көшелеріне жүздеген полицейлер мен әскери қызметкерлер шығарылды. Олар қылмыстық топтардың бірінің серкесін қолға түсіру жөніндегі операцияны жалғастыруда.
Есірткінің заңсыз саудасымен айналысады деген күдікті Кристофер Коук АҚШ-қа экстрадициялануы керек.